Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар суд жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында С. к. Т. - ның материалдық залалды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "inaktau.kz" сілтеме жасап.
Жеті жасар бала көліктің алдыңғы әйнегіне тас лақтырып, оны сындырды. Бұл оқиға жақын жерде орналасқан дүкенге орнатылған қауіпсіздік камерасына түсіп қалған. Автокөлік иесі баланың анасынан залалды өтеуді талап етті. Алайда олар өзара келісімге келе алмаған.
"Бағалау туралы есепке сәйкес материалдық залалдың құны 340 798 теңге болды. Сот шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына 374 298 теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді", - деп хабарлады облыстық Маңғыстау соты.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Тағы да оқи отырыңыздар: Гемоглобинді неше айда көтеруге болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!