- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында ауыл...
Маңғыстау облысында ауыл мұғалімі сабағын экскурсия түрінде өткізіп жүр
Маңғыстау облысында ауыл мұғалімі күнделікті сабағын экскурсия түрінде өткізіп жүр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz телеарнасына сілтеме жасап.
Баянды елді мекеніндегі жалғыз мектепте шағын музей бар. Онда өңірдің қасиетті орындарының макеттері қойылған. Құралай Нұртайқызы тарих пәнін көбіне осында өткізеді.
"Қазақстанның тарихын, әлемнің тарихын бізге үйретіп, білім нәрімен сусындатқанына үлкен рақмет айтамын. ҰБТ-ға дайындықта да Құралай апайдың рөлі өте зор болды", – дейді оқушы Бақсейіт Нұрболат.
"Оқушылардың Қазақстан тарихы пәнін ашып, үзілістің кезінде оқып отырғанын талай рет көргенмін. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бала жүрегіне жол тапқан ұстаз деп айтар едім", – дейді қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнар Мұхамедова.
Құралай Қамысбайдың педагогика саласындағы жалпы еңбек өтілі 35 жылдан асыпты. Соның 29 жылын Мұнайлы мектептерінде өткізгенін есіне алды. "Ұстаз – баланың білімге деген құштарлығын оятып, тұлға болып қалыптасуына жетелейтін нағыз еңбек адамы", – дейді ол.
"Еңбекке деген жауапкершілікті, еңбекқорлықты баланың бойына сіңіретін бұл – мұғалім. Екіншіден, кез келген мамандық иесі бірінші мұғалімнің алдынан өтеді. Сондықтан әрі қарай ол бала еңбек жолына қалай жауапкершілікпен қарайды, ол мұғалімнен алған тәрбиесіне тікелей байланысты", – дейді тарих пәнінің мұғалімі Құралай Қамысбай.
Баянды мектебінде Құралай Қамысбайдың бірнеше шәкірті жұмыс істейді. Келер жылы оқу бітіретін түлектердің кейбірі ұстазының ізгі жолын жалғастырмақ ниетте.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина