- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында ауа...
Маңғыстау облысында ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілді
Маңғыстау облысында ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілді, - деп хабарлайды "Тумба.kz". Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Синоптиктердің мәлімдеуінше, мұндай жоғары температура бұл өңірде бірнеше жылдан бері болмаған. "Қазгидромет" кәсіпорнының Маңғыстау облысындағы филиалының жетекші маманы Ақмарал Құрманованың сөзіне қарағанда, ең жоғары ауа температурасы кеше, 2 тамызда Қызан ауылында тіркелген - 47 градус.
"Бүгін таңертеңнің өзінде Ақтау термометрлері 33 градусты көрсетті, түске қарай ол 42-ге көтерілді. Бұл температура 5 тамызға дейін сақталады. Бейсенбіге қарай ыстықтың беті қайтады. Синоптиктердің болжамына қарағанда, сәрсенбі күні орташа температура 35-37 градус болады", - делінген жарияланымда.
Еске сала кетейік, бұған дейін тамыздың 1-3 аралығында ауа температурасының көтерілетіні хабарланған. Синоптиктер ауа температурасының жоғарылауына байланысты ескерту жариялап, 1-2 тамызда Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде ауа температурасының 41-45 градус болатынын ескертті.
М. Бисембаева