Маңғыстау облысында жүргізілген санақ жұмыстарына сәйкес, "Қызыл кітапқа" енген, жойылу қаупі бар тұяқты жабайы аңдардың, соның ішінде арқар санының өскені байқалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық Қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, соңғы үш жыл бойынша өсім саны 18 пайызды құрайды. 2021 жылы арқарлар саны - 861, 2022 жылы – 1026, ал 2023 жылы – 1059 болған.
Маңғысту облысында мемлекеттік табиғи – қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға арналған бірнеше қаумал бар. Атап айтқанда, өңірлік табиғи "Қызылсай" паркі және "Жабайұшқан", "Манашы", "Тасорпа", "Адамтас". Биыл қаумал аумақтары бойынша 42 бұлақ көздері ашылды. Қолдан суару әдісімен құдық басына астау орнатылып, сырты қоршалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз