Маңғыстау облысында 7 жасар қыздың қолы арматураға қысылып қалған

Маңғыстау облысында 7 жасар қыздың қолы арматураға қысылып қалған

Маңғыстау облысында 7 жасар қыздың қолы арматураға қысылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құтқарушылар қыз балаға көмекке келді. Оқиға Маңғыстау облысының Сайын Шапағатов кентінде болған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 7 жасар қыздың қолы үйдің қақпасының арматурамен өрнектелген темірге қысылып қалғанын анықтады. Олар гидравликалық қайшылардың көмегімен арматураны кесіп, қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлеріне берді.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина