Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 қаңтарда шамамен сағат 01:03-те Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау тасжолының 383-шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған.
Алдын ала мәлімет бойынша Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.
"Жол апаты салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, үш адам әртүрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Автобуста барлығы 50 шақты адам болған", - деп жазылған Көлік министрлігі хабарламасында.
Бұл дерек бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова