- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында 39...
Маңғыстау облысында 39 миллион теңге негізсіз жұмсалмақ болған
Маңғыстау облысында 39 миллион теңге негізсіз жұмсалмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының Қарақия ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында 39 млн теңгеге жарияланған конкурстың күші жойылды.
Атап айтқанда, аудандық білім бөлімімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында ақпараттық жүйені техникалық қолдау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған.
Прокурорлар әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат бергенін анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісімен конкурстың күші жойылып, білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина