Маңғыстау облысында 38 жетім баланың құқығы бұзылған

Маңғыстау облысында 38 жетім баланың құқығы бұзылған
Фото: Midjourney

Маңғыстау облысында прокурорлардың ықпалымен жетім балалар тұрғын үй кезегіне қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім балалардың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық балалар тұрғын үй кезегіне енгізілді.

Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауапқа тартылды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина