Маңғыстау облысында "Монтажник" демалыс базасынан 1,5 шақырым жерде 21 жастағы жігіт суға батып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірден бірнеше сағатқа созылған іздеу жұмыстарын бастады.
"Сағат 19:20-да "101" пультіне Ақтау қаласындағы "Монтажник" демалыс базасынан 1,5 шақырым жерде 21 жастағы жігіт суға батып кетті деген хабарлама келіп түсті. Алайда қараңғылық салдарынан сенбі күні таңғы алтыға дейін іздеуді тоқтатқан. Қазір іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!