- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында 11...
Маңғыстау облысында 11 жасар қыз екі әпкесін пышақтады
Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған қыз ұйқысырап жүріп қос әпкесіне пышақтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы полиция департаменті 14 сәуірде сағат 04:30 шамасында "101" шұғыл байланыс желісіне Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде адамдардың пышақталғаны туралы хабарлама келіп түскенін нақтылады.
11 жасар қыз ұйқысырап жүріп (айкезбелік) ас үй пышағымен 12 және 19 жастағы екі әпкесін жарақаттаған.
"Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біреуі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді, екіншісі әлі ауруханада. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан