Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылдың 9 айында өңірге 350 мыңнанастам турист келіп, 17,2 миллиард теңгеге жуық қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға артқан. Шетелдік туристерді қабылдау бойынша Маңғыстау республикада 3-орынға тұрақтады. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.
Өңірде 2025-2029 жылдары жалпы құны 198 миллиард теңге болатын 17 туристікинвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар биыл 4 жоба пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек термалды сулары бар санаторий-курорттық кешенісалынып жатыр және балалар демалысын дамыту мақсатында Каспий жағалауында көпфункционалды орталық ашылды.
Сондай-ақ Бозжыра шатқалында сапар орталығының құрылысы аяқталып, алдағы туристік маусымда іске қосылады.
"Өңірде туризмді дамыту бойынша кешенді жоспар жүзеге асуда. Маңғыстау, Шетпе және Бейнеу теміржол вокзалдары жаңғыртылып жатыр, сондай-ақ Кендірліде жаңа әуежайдың құрылысы басталды", – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Әкімнің сөзінше, бұл инфрақұрылым саланы жаңа деңгейге шығарады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал