Әлеуметтік желіде өртке оранған көліктің видеосы тарады. ТЖМ мәліметінше, оқиға Маңғыстау облысында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, жол апаты Ақтау-Мұнайлы тасжолында болған.
"8 қыркүйекте сағат 15.35-те 112-ге жол апаты болғаны туралы хабар түскен. Тасжолда Mitsubishi Montero және КамАЗ бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынын екі көлік те түгел өртеніп кетті. Оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері өртті сөндірді", - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар.
"Mitsubishi автокөлігіндегі үш адам өртеніп кетті. Екінші көлікте қаза тапқан немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнына жеті адам мен екі арнайы техника келді", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!