Маңғыстау облысы: жол апатында үш адам тірідей өртеніп кетті

Маңғыстау облысы: жол апатында үш адам тірідей өртеніп кетті
Фото: Lada.kz

Әлеуметтік желіде өртке оранған көліктің видеосы тарады. ТЖМ мәліметінше, оқиға Маңғыстау облысында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жол апаты Ақтау-Мұнайлы тасжолында болған. 

"8 қыркүйекте сағат 15.35-те 112-ге жол апаты болғаны туралы хабар түскен. Тасжолда Mitsubishi Montero және КамАЗ бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынын екі көлік те түгел өртеніп кетті. Оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері өртті сөндірді", - делінген хабарламада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ И МАНГИСТАУ (@ladakz)

Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар. 

"Mitsubishi  автокөлігіндегі үш адам өртеніп кетті. Екінші көлікте қаза тапқан немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнына жеті адам мен екі арнайы техника келді", - делінген ТЖМ хабарламасында. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина