- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысы әкімдігі...
Маңғыстау облысы әкімдігі 7 миллион теңгеге дәретхана қағазы сатып алынуына қатысты жауап берді
БАҚ-та Маңғыстау облысы әкімдігі дәретхана қағазын сатып алуға 7 миллион теңгеден аса қаражат бөлгені туралы ақпарат жарияланған еді. Облыстық әкімдік өкілі осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы дәретхана қағазын сатып алуға 7 024 609 теңге бөлгені туралы ақпарат биыл жыл басында шыққан еді. Тендер жеңімпазы 2023 жылғы 19 қаңтарда анықталды. Бұл сомаға 11 570 қаптама сатып алынған. Ал әрқайсының құны 607 теңге екен.
Техникалық тапсырмаға сәйкес тендер жеңімпазы әр 30 күн сайын 1157 дана (12 орам) дәретхана қағазын жеткізуге міндеттелген. Нәтижесінде Маңғыстау облысының әкімдігі айына 13 884 орам қағаз немесе күніне 694 орам қағаз алатын болған (20 жұмыс күнін негізге ала отырып).
Әкімдік өкілі шенеуніктерге сонша дәретхана қағазы неге керек екенін түсіндірді. Облыс әкімдігі мәліметінше, бұл көлем тек олардың қызметкерлеріне емес, сонымен қатар, келушілерге, жергілікті, атқарушы және мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне де арналған.
"Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасының негізгі мақсаты - мемлекеттік мүлікті пайдалану және күтіп ұстау, жергілікті, атқарушы және мемлекеттік органдарды, оның ішінде облыс әкімдігінің ғимараттарында орналасқан мекемелерді, сондай-ақ, облыстық мәслихаттың, неке сарайының, қала әкімдігінің, Достық үйінің, статистика басқармасының және облыстық жиналыс пунктін шаруашылық тауарларымен жабдықтау жөніндегі функцияларын орындау. Айтылған ғимараттарда орналасқан мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын дәретхана қағазы мен басқа да заттар сатып алынады", - деп түсіндірді облыс әкімдігі өкілі.
Әкімдік өкілі бұл ғимараттарда 1300 қызметкер бар екенін нақтылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова