Маңғыстау облысының бас полицейі лауазымына Сағындық Аяғанов тағайындалды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағындық Аяғанов ішкі істер органдарында 1997 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
Полиция полковнигі бұған дейін түрлі басшылық қызметтерде болған. Соңғы лауазымы - Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!