Маңғыстаулық мұнайшылар Президентке үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өзенмұнайгаз" жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы ұйымы атынан мұнай-газ кешені күнімен құттықтаймыз. Біз, "Өзенмұнайгаз" жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы ұйымы атынан Президентке үндеу жасағымыз келеді: Қасым-Жомарт Кемелұлына және Президент әкімшілігіне өңірде болып жатқан өзгерістер мен Жетібай ауылындағы мұнайшылардың жанайқайы ешқандай қан-төгіссіз шешімін тапқанына алғысымызды айтамыз. Алдағы уақыттарда бірлесіп, ақылдасып, кеңесіп отырсақ, мәселелер орын-орнына келеді деп есептейміз. Әртүрлі саяси күштер бір-бірімізді қарсы қоюға тырысқанымен, біз оған жол бермейміз", - деді "Өзенмұнайгаз" жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы ұйымының өкілі.
"Ассалауғалейкүм, Қазақ елі. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Қазіргі таңда Маңғыстауда болып жатқан өзгерістерді көріп жатырмыз. Біз Кәсіподақ мүшелері мен Президент әкімшілігі бірлесіп, бұрыннан келе жатқан мәселелерді және сіз алдымызға қойған міндеттерді біртіндеп шешіп келеміз. Зұлым күштер бізді бір-бірімізге қарсы қоюға тырысқанымен, олар оған қол жеткізе алмайды. Өйткені біз сізбен біргеміз. Біз тек бірігіп қана мызғымас қамал бола аламыз", - деді Бұрғылау мекемесінің кәсіподақ Ержан Құлатаев.
"Ертең өсіп-өркендеген елде өмір сүру мақсатында біз ақылдасып, кеңесіп отырсақ, шешілмейтін мәселе жоқ" деп есептейміз", - деді тағы бір мұнайшылар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!