Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева анасының денсаулығын тексерту үшін Ыстамбұлға апарып, анализдерінен ақау шыққанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айгүл Иманбаева бұл туралы "Төрлетіңіз" бағдарламасында сөз қозғады.
"Биыл анамның анализдерінен ақау шығып, Ыстамбұлға медициналық тексертуге апардым. Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өте шықты. Мәңгілік жүретін сияқты сезілетін еді. Осы тексеруге апарғанда көп сабақ алдым. Осы 10 күн көп жасқа есейтіп жіберді", - деді ол сұхбатында.
Әнші анасының денсаулығы туралы әңгімесінен кейін әкесі туралы да айтып берді.
"Әкеммен 40 жылдан кейін араластық қой. Қалай әкемнің батасын алдым, солай тұрмысқа шықтым. Әлемге көп жол ашылды. Лондонға кетер алдында әкем концертке келді. Сонда айтылған барлық сөз алғашқы және соңғысы болыпты. Сол концерттен кейін үш айдан соң әкем қайтыс болды. Әкемнен кешірім сұрап үлгердім. Ол кісінің батасын алдым", - деді Айгүл Иманбаева.
Еске салайық, өнер иесі жақында екінші рет тұрмысқа шыққанын жариялаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!