Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Анжеде (Франция) өтетін гран-при сериясына қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыс ертең, 1 қарашада басталады. Ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан жекелей сындағы жарысқа 12 спортшы қатысады.
Гран-приде Қазақстан намысын бір ғана спортшы - Михаил Шайдоров қорғайды.
Турнирдің бірінші күні қысқа бағдарлама бойынша қойылымдар көрсетіледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз