Мәнерлеп сырғанау: Франциядағы жарыста ел намысын бір ғана спортшы қорғайды

Мәнерлеп сырғанау: Франциядағы жарыста ел намысын бір ғана спортшы қорғайды
Фото: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Анжеде (Франция) өтетін гран-при сериясына қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыс ертең, 1 қарашада басталады. Ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан жекелей сындағы жарысқа 12 спортшы қатысады.

Гран-приде Қазақстан намысын бір ғана спортшы - Михаил Шайдоров қорғайды.

Турнирдің бірінші күні қысқа бағдарлама бойынша қойылымдар көрсетіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан