Қазгидромет 26, 27, 28 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамырдың соңғы аптасында республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
27 мамырда батыста, 27-28 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта, 28 мамырда солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ болжанып отыр. Республика бойынша жел күшейеді.
Ауа температурасы біртіндеп төмендейді: күндіз батыста +16…+28 градус, солтүстік пен орталықта +18…+25 градус, шығыста +23…+30 градус, ал оңтүстікте +20…+27 градус болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!