1-2 мамыр күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі, 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады, түнгі уақыттарда жаңбырдың қарға ұласуы ықтимал, найзағай, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанып отыр.
Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон жотасы әсерінен, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, 1-6 градус үсікке дейін, күндіз 5-13 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Сондай-ақ, суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус үсікке дейін, күндіз 15-25 градус жылуға дейін төмендейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!