Көктемнің үшінші айында ел азаматтарын бірқатар өзгеріс күтіп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты:
Мамырда бірден бірнеше мемлекеттік мереке атап өтіледі:
Сонымен қатар, 2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға (сәрсенбі) сәйкес келеді. Десе де нақты күндері өзгеруі мүмкін.
Негізгі ҰБТ-ға 11-25 сәуір аралығында өтініш қабылданды. Тест 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.
Қазақстанда оқу бағдарламасы төрт тоқсанға бөлінеді. Биыл төртінші тоқсан шамамен 8 аптаға созылады. Ол 2026 жылы 25 мамырда аяқталып, одан кейін жазғы демалыс басталады.
Биыл мектеп бітіру кешін өткізуге бола ма? Министрлік қатаң талап қойды
Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделеп, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны басталуын 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Биыл құжат қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
1 мамырдан бастап Алматы - Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылады. Оңтүстік Кореяның EasterJet әуе компаниясы аптасына екі рет рейстер орындайды.
Черногория Қазақстан азаматтарына уақытша визасыз режим енгізді. Азаматтар 1 мамырдан 1 қазанға дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, шекараны кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады. Алайда ұзақ сапарлар үшін виза рәсімдеу қажет.
Рейстер еліміздің ірі мегаполистері - Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей Жидда, Мәдина қалаларына бағытталады. Қажылардың елге қайту сапары да осы екі қаладан кезең-кезеңімен жоспарланған. Биылғы қажылық сапары 15 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!