- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мамырда Қазақстанның қай...
Мамырда Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық күтіледі?
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Синоптиктер мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сәуірде жауған жауын-шашынды және ауа райы болжамын ескере отырып, Қазақстан аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаятыны айтылды.
Мына өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін:
- Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында;
- Қостанай облысының Амангелді ауданында;
- Қарағанды облысының Шет ауданында.
Бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады:
- Қостанай облысының Қарасу ауданында;
- Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Сандықтау аудандарында;
- Павлодар облысының Ақтоғай, Успенка аудандарында және Павлодар қаласының маңайында;
- Батыс Қазақстан облысында Бурлин, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында;
Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық деп есептелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина