- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "МӘМС-тен бас тартсақ..."...
"МӘМС-тен бас тартсақ..." Медициналық сақтандыру қорының басшысы жүйе туралы айтты
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Сәбит Ахметов медициналық сақтандыру жүйесін жою туралы талаптарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медициналық сақтандыру қорының басшысы мемлекет денсаулық сақтау саласын қаржыландыру бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындап жатқанын айтты.
"1,4 триллион теңге көлемінде тегін медициналық көмекті қаржыландырудан басқа, МӘМС жүйесінде мемлекет осы кезеңде шешуші роль атқарады, өйткені МӘМС жарнасы шеңберінде мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеме - барлық түсімнің 80 пайызы. Ал бұл - қосымша 800 миллиард теңге. Осыдан сұрақ туындайды: егер біз МӘМС-тен бас тартсақ, бұл кімге тиімді болады? Азаматтарға ма немесе мемлекетке ме?" - деді ол.
Ол МӘМС Қазақстанда COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін енгізілгенін, бірақ оны іске қосуға 10 жылдан аса уақыт кеткенін атап өтті.
"Біз МӘМС жүйесін іске қосуға 10 жыл арнадық, бұл әлемдік тәжірибе және оның негізгі мақсаты халықтың осал топтарын - балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, қорғау. Бүгінгі таңда қор проблемалық мәселелермен айналысып, жүйені дамытудың орнына, міндетті медициналық сақтандырудың қажетін дәлелдеу үшін көп қаражат жұмсап отыр", - деді ол.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Міндетті медициналық сақтандыру қорына төленетін төлемдердің жалпы сомасының 50 пайызын қазақстандықтарға қайтару туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек