- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "МӘМС жүйесін өзгерту...
"МӘМС жүйесін өзгерту керек". Қазақстанда жаңа петиция пайда болды
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты петиция іске қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ePetition.kz сайтында "МӘМС жүйесін өзгертуді талап етеміз" деген петиция пайда болды. Онда былай делінген:
"Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты ҚР құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді сұраймыз".
Авторлар азаматтардың аударымдарына қатысты бірқатар өзгерістерді ұсынды:
1) Азаматтардың бірнеше табыс көзі болса да, тек бір табыс көзінен аударым жасауға мүмкіндігі болуы тиіс.
Яғни, егер адам екі жерде жұмыс жасаса, олардың біреуінен ғана шегерім жасау жеткілікті.
"Көптеген азаматтар МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтерді алмайды, ал жарналар, біздің білуімізше жоғалып кетеді, яғни егер азамат медициналық қызметті шартты түрде алмаса, белгілі бір айда МӘМС жарнасы қайтарылмайды және жинақталмайды. Олар жинақталмағандықтан және қайтарылмағандықтан, есептеулер мен аударымдар үшін екі немесе бірнеше қолдану болмауы керек деп санаймыз", - деді петиция авторлары.
2) Егер жеке кәсіпкердің қандай да бір айда табысы болмаса, оны сол айда аударымдар жасау қажеттілігінен босату қажет.
3) МӘМС бойынша жарналарды жинақтауға және оларды (немесе олардың кем дегенде бір бөлігін) жақын туыстарына беруге мүмкіндік болуы тиіс.
"МӘМС жүйесіне қоғамдық наразылықты және мемлекеттік аудитпен анықталған миллиардтаған бұзушылықтарды ескере отырып, бұл жүйе жоғарыда аталған мәселелерді қарау арқылы ҚР азаматтарының тыныс-тіршілігін жақсартуда түбегейлі өзгерістерді талап етеді деп санаймыз", - деп қорытындылады құжат авторлары.
Әзірге петицияда тек 144 дауыс бар. Еске салайық, оны қарастыру үшін кем дегенде 50 мың дауыс жинау керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова