- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мамандығымды ауыстырамын деп...
"Мамандығымды ауыстырамын деп шештім". Көше тазалаушы әйел адам танымастай өзгерді
Желіде көшеде көше тазалаушы әйелдің түр келбеті адам танымастай өзгерген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Алматыдағы сұлулық салонының парақшасында пайда болды.
Онда көше тазалаушы әйелдің есімі - Гуля, ол 48-де екені жазылған. Ол 28 жыл бойы көше тазалаушы болып қызмет етіп келген. Ол кей тістері түсіп қалған соң, көп күлмейді. Сондықтан оның түр келбетін өзгертуге бел буғандар алдымен тісін жөндеуден бастаған. Бұрын әріптестерінің жанында күлуге ұялатын.
Кейін ұйымдастырушылар әйелмен бірге барып, оған жаңа киімдер таңдайды, шашының түсін өзгертіп, макияж жасайды.
Кейіпкердің 2 баласы бар, өмір бойы күйеуімен көше тазалаушы болып жұмыс істеген. Олар Астананың ауылында тұрады. Өзінің адам танымастай өзгергенін көрген кейіпкердің сенімі артқан. Ол тіпті мамандығын ауыстыруды шешкен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әйелдің былай өзгергеніне тәнті болып пікір қалдырған.
"Бақытты болу үшін көп нәрсе керек емес екен. Қыздар, көп рақмет.Көзіме жас алып қарап отырмын", "Қандай позитив, әдемі әйел, бақытты болсын", "Әп-сәтте өзгеріп шыға келді, көзінде от пайда болды", "Адам өзіне дұрыс қараған сайын сенімділігі артады ғой", "Меніңше, шынайы бейнесі енді танылғандай", "Бизнесвуменге ұқсап қалды", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек