- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мамандығым бойынша қазақ...
"Мамандығым бойынша қазақ тілі, әдебиеттен сабақ бердім". Жастар арасында танымал әнші Досекеш эксклюзив сұхбат берді
"Таспа","Жаңбыр","Экватор сызығы" хит әндерінің орындаушысы әрі авторы жастар арасында Досекеш лақапатымен танылған әнші Досекеш Тұрармен сұхбатты Massaget.kz тілшісі ұсынады.
Ақтөбе қаласының тумасы Досекеш қазір Алматы қаласында өз шығармашылығын шыңдап жүргенін айтты.
"Мен, Досекеш, 23 жастамын. Алматы қаласында өз шығармашылығыммен айналысып жүрмін. Ән жазуды жоғары оқу орнында жүргенде бастағанмын. Қазір білек сыбана кірістім. Мамандығым бойынша қазақ тілі, әдебиеттен сабақ беріп жүрдім. Қазір ол жерден өз еркіммен кеттім",-дейді әнші.
Әндердің сөзін өзім жазамын
"Әндерімнің сөздерін өзім жазамын. Әннің атауында сөздің ішінен немесе халыққа таңсық аттарды қоямын. Қатты танымал болған менің Таспа әнім. Оның сөзін жазған өзімнің бауырым Нұрзат Молдағали. Барлық әнімнің сөзін өзім жазамын. Соңғы жарыққа шыққан Жаңбыр Шаш, Экватор әндерім бар. Әннің барлығын түнде жазамын. Ал таңертеңгісін бір идея туа қалса, оны түнге қалдырып қоюды әдетке айналдырғанмын. Бірақ ол не себепті екенін түсінбедім",-дейді ол.
Тұрақты табыс көзі жоқ
"Табыс жағынан әзірге ресми платформалардан күтіп жатырмыз. Ал өнер көрсету жағынан қатты табысты болып жатырмыз деп айта алмаймын. Тойларға шықпаймын. Мерекелік іс-шаралар ғана. Бұйырса алда көптеген ізденіс, жоспар бар",-дейді әнші.
Досекеш акустикалық кеші
"Досекеш жобасының аясында 4-5 адам жұмыс істейміз. Продюсер және құжатпен айналысатын адамдар. Қазір гастрольдерге, акустикалық кештерге баса назар аударып отырмыз. Алғашқы гастроль Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларында өнер көрсеттік. Акустик кеш ол жанды дауыста, халыққа үйдегі атмосфераны сезіндіру болған. Жақында Шымкент, Түркістан, Алматы, Астана қалаларында акустикалық кеш істедік", - дейді Досекеш Тұрар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы