Ұйқы медицинасы бойынша кеңесші Элли Хар және сомнолог дәрігер Клэр Румс ұйқысыздықпен күресудің тосын тәсілін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail басылымы жариялады.
Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желі қолданушыларының көбі ұйқысыздықты қараңғыда немесе көмескі жарықта душ қабылдау арқылы жеңілдетуге болатынын жазады. Бұл әдістің тиімділігін Хар жылы судың дене температурасын төмендететінімен түсіндірді, ал бұл ағзаға "ұйықтайтын уақыт келді" деген негізгі белгі болып саналады.
Ол ұйқы сапасын жақсартуға көмескі жарық жақсы көмектесетінін атап өтті: ол ағзаны тынығу режиміне ауыстырып, циркадтық ырғақтарды реттеуде маңызды рөл атқаратын мелатонин гормонының бөлінуіне ықпал етеді.
Өз кезегінде, Румс қараңғыда душ қабылдау ұйқымен байланысты күрделі мәселелерді толық шешіп жібермеуі мүмкін екенін, бірақ ұйқысыздық кезінде пайдалы болатын жақсы тәжірибеге айнала алатынын қосты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz