Қазақстанда жәндік шағуы арқылы жұғуы мүмкін аурулар әлі де тіркеліп жатыр. Мамандар әсіресе шетелге шығатын азаматтарға сақ болуды ескертеді. Сондай-ақ, ел аумағында денге қызбасы, Зика вирусы және басқа да қауіпті инфекцияларды тарататын масалардың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін деген қауіп те назарда ұсталып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы Паразиттік аурулардың профилактикасы бөлімінің бас маманы Жанна Шапиеваның айтуынша, Қазақстан аумағында эпидемиологиялық маңызы бар жәндіктер бар.
Олардың қатарында мынадай ауруларды тасымалдаушылар болуы мүмкін:
Сарапшының айтуынша, мұндай инфекциялардың басым бөлігі Қазақстанға өзге елдерден әкелінген жағдайлармен байланысты болғанымен, олардың таралу қаупі әлі де сақталып отыр.
2023–2025 жылдар аралығында елімізде мынадай жағдайлар тіркелді:
2026 жылдың алғашқы бес айында мамандар безгек пен тері лейшманиозының тағы екі жағдайын анықтады.
Жанна Шапиева жәндіктер шаққаннан кейін денсаулықты бақылау маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мына жағдайларда медициналық көмек қажет:
Әсіресе, шетелдік сапарлардан оралғаннан кейін мұқият болу керек.
"Жәндіктер арқылы жұғатын аурулар тіркелген елдерге барғаннан кейін қызба, бөртпе, әлсіздік немесе басқа да ауру белгілері пайда болса, медициналық көмекке жүгіну керек және дәрігерге соңғы саяхаттарыңыз туралы міндетті түрде хабарлау қажет. Бұл аурудың себебін тезірек анықтауға және емдеуді дер кезінде бастауға көмектеседі", — деп атап өтті Жанна Шапиева.
Қолданыстағы қауіптерден бөлек, мамандар инфекция тарататын жаңа буынаяқтылардың пайда болуын қадағалап отыр. Олар әсіресе Aedes aegypti және Aedes albopictus масаларына ерекше назар аударуда.
"Бұл түрлер бізде кездеспегенімен, олар әлемнің әртүрлі аймақтарына белсенді түрде таралып жатыр және денге қызбасы, чикунгунья, Зика вирусы мен сары безгек сияқты аурулардың негізгі тасымалдаушысы", — деп түсіндірді маман.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!