- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мамандар антисептикті үнемі...
Мамандар антисептикті үнемі қолданбауға шақырды
Антисептикті тым көп қолданбаған дұрыс. Бұл туралы терапевт Елена Малышева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жить здорово!" сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, бүгінде медициналық қауымдастық антибиотиктерге өте төзімді флораны дамытумен айналысады.
"Микробтар антибиотик әсерінен өлмейтін супербактериялар. Көбінесе антисептик пен бактерияға қарсы өнімдерді тым көп, бақылаусыз қолданатын болсаңыз, микроб пайда болады", - деді дәрігер.
Сондықтан терапевт антисептиктің орнына, қолды қарапайым сабын мен сумен жууға шақырды.
"Барлық орта микробқа қарсы болса, кез келген ортаға өте төзімді микробтардың пайда болады", - деді Елена Малышева.
Айта кетейік, бұған дейін антисептикті қалай дұрыс қолдану керегі хабарланған болатын.
Спирт қосылған антисептик 30 секундта вирусты өлтіреді. Сондықтан оны сепкен кезде тез әрі дұрыс жағудың маңызы зор.
Мамандардың айтуынша, құрамында 80 пайыз этанол немесе 75 пайыз изопропил спирті бар антисептикті сатып алған жөн. Ал қолға сепкен кезде ең алдымен алақанға сеуіп, содан кейін саусақтың асты-үсті мен қолдың алды-артына жаққан дұрыс. Медиктердің айтуынша, спирт алғашқы 30 секундта өте уытты болады, сондықтан сол уақыт ішінде қолға, білектің асты мен үстіне, саусақтың ара-арасына жағып үлгеру керек.
Ал кір, май жұққан қолға себілген антисептиктен пайда азырақ. Антисептик пестицид, ауыр металл сынды химиялық заттарды ыдырата алмайды. Сондықтан қолды жуып барып, антисептик себеміз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә