Антикор мамандандырылған ХҚКО-лардағы жемқорлық дерегі бойынша жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Агенттік мониторинг жүргізу барысында көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі жемқорлық қаупін анықтады. Сондықтан Антикор уәкілетті органдарға жемқорлықты жою туралы ұсыныстар берген.
- Процестерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар көлік құралдарын тіркеу, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру ережелерінің жаңа редакциясында көрініс тапты.
- Тіркеу кезінде көлік иелерінің (өкілдерінің) және теориялық емтихандарды тапсыру кезінде жүргізуші куәлігін алуға үміткерлердің жеке басын міндетті биометриялық сәйкестендіру енгізілген.
- Көлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер енгізілді, ол өтінімдерді ресімдеу және қарау кезінде деректерді түзетуге мүмкіндік бермейді. Өзгерістер енгізу құқығы тек әкімшілік полиция комитетінде.
- Агенттіктің ұсынысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі де мамырдың басынан бастап көлікті жүргізуге рұқсат беру туралы медициналық анықтаманы электрон форматқа ауыстырды. Бұл жалған анықтамалар беруге тосқауыл болды.
- Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды тапсыру процесіне бейнетіркеу енгізілді. Енді бұл процесс қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей эфирде көрсетіледі.
- Емтихандарды қайта тапсыру рәсімдері реттелді. Қайтап тапсыру мүмкіндігі 2 реттен артық емес, өтпеген жағдайда 3 айдан кейін, тыйым салынған заттарды пайдаланған кезде 6 айдан кейін емтихан тапсыра алады. Алайда, агенттік мәліметінше, қазір кейбір азаматтар, сондай-ақ, мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ақша үшін мұндай мәселелерді шешуге тырысады.
"Мәселен, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр. Ол кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында ақша алды деген күдікке ілінді. Оның іс-әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді", - деп жазылған Антикор хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда арнайы ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!