Мамандандырылған ХҚКО-лардағы жемқорлық: Антикор мәлімдеме жасады

Мамандандырылған ХҚКО-лардағы жемқорлық: Антикор мәлімдеме жасады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Антикор мамандандырылған ХҚКО-лардағы жемқорлық дерегі бойынша жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Агенттік мониторинг жүргізу барысында көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі жемқорлық қаупін анықтады. Сондықтан Антикор уәкілетті органдарға жемқорлықты жою туралы ұсыныстар берген.

  • Процестерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар көлік құралдарын тіркеу, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру ережелерінің жаңа редакциясында көрініс тапты.
  • Тіркеу кезінде көлік иелерінің (өкілдерінің) және теориялық емтихандарды тапсыру кезінде жүргізуші куәлігін алуға үміткерлердің жеке басын міндетті биометриялық сәйкестендіру енгізілген.
  • Көлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер енгізілді, ол өтінімдерді ресімдеу және қарау кезінде деректерді түзетуге мүмкіндік бермейді. Өзгерістер енгізу құқығы тек әкімшілік полиция комитетінде.
  • Агенттіктің ұсынысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі де мамырдың басынан бастап көлікті жүргізуге рұқсат беру туралы медициналық анықтаманы электрон форматқа ауыстырды. Бұл жалған анықтамалар беруге тосқауыл болды.
  • Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды тапсыру процесіне бейнетіркеу енгізілді. Енді бұл процесс қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей эфирде көрсетіледі.
  • Емтихандарды қайта тапсыру рәсімдері реттелді. Қайтап тапсыру мүмкіндігі 2 реттен артық емес, өтпеген жағдайда 3 айдан кейін, тыйым салынған заттарды пайдаланған кезде 6 айдан кейін емтихан тапсыра алады. Алайда, агенттік мәліметінше, қазір кейбір азаматтар, сондай-ақ, мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ақша үшін мұндай мәселелерді шешуге тырысады.

"Мәселен, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр. Ол кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында ақша алды деген күдікке ілінді. Оның іс-әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді", - деп жазылған Антикор хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда арнайы ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget