- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мамаңа қатты ұқсайды"....
"Мамаңа қатты ұқсайды". Заңғар Нұртас сүйіктісіне үйленуге ұсынысты ерекше жасады
Әнші Заңғар Нұртас сүйіктісіне үйленуге ұсыныс, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Заңғар Нұртастың өзі Instagram-парақшасында жариялады.
"Бақытты сәтімізден", - деп жазды Заңғар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Заңғар Нұртастың оқырмандары әншіге бақыт тілеп, жылы сөздерін жаудырған.
"Жүзі жылы, ажарлы екен, бақытты болыңдар. Бір қарағанда Төреғалидің қарындасына ұқсап кетеді екен"
"Бақытты бол, ажыраспаңдар, жабысып қалыңдаршы, қуаныштымын сендер үшін"
"Келін ененің топырағынан жаралады деген бекер айтылмаған, мамаңа қатты ұқсайды екен. Бақытты болыңдар"
"Бақытты да баянды өмір сүріңдер. Үлкен отбасы болыңдар", - дейді оқырмандар.
Еске салайық, биыл ақпанда Заңғар Нұртас бірінші әйелі Жібек Қайратқызымен ресми түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын.
"Бес ай өтті, араласпаймыз. Жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Сыйластығымыз қазір де жақсы, бірақ сондай жағдай болып қалды. Оған нақты не себеп болғанын айта алмаймын. Бұл жеке нәрсе. Бастарыңызға бермесін", - деді Заңғар Нұртас.
Ол, сонымен қатар, өзінің жаңа қарым-қатынастарға ашық екенін және болашақ жарының бойында болуы керек қасиеттерді айтқан болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина