- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маман үлкен омыраудың...
Маман үлкен омыраудың денсаулыққа қаупіне қатысты құпияны ашты
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, риносептопластика бойынша сарапшы Тигран Алексанян үлкен кеуденің денсаулыққа қаупі туралы айтты. Ол омырауға салдыратын импланттың көлемі үлкенін таңдайтын әйелдерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Фослентыға" сілтеме жасап.
Омырауға тым үлкен имплант салған кезде, кеуде мерзімінен бұрын салбырап, тартымсыз болып қалуы мүмкін.
Сонымен қатар, сүт безі тіндерінің атрофиясы басталып, пальпация кезінде имплант көлеміне байланысты қатты сезілуі ықтимал. Егер имплант сүт безіне қарағанда үлкен болса, науқас ыңғайсыздық, ауырсынуды сезінуі мүмкін және бұл өмір сапасын айтарлықтай төмендетіп, операция қайта жасатуға әкеп соқтырады. Ал маммопластиканы қайта жасау асқыну қаупін арттырады.
"Имплантты салған кезде кеуде қуысының көлемін, имплант салынатын қалтаны, өз кеудесінің өлшемін, кеуде астындағы шеңберді және басқа да көптеген ерекшелікті ескеру маңызды", - деп қорытындылады дәрігер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұлы Отан соғысына қанша қазақстандық қатысты?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә