- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маман тісті сарғайтып...
Маман тісті сарғайтып жіберетін факторларды айтты
Тістің табиғи түсі сарғыштан сарғыш реңкке дейін өзгереді. Бұл туралы тіс дәрігері Рамила Аллахвердиева айтты. Сонымен қатар, маман тіс кіреукесінің түсін нашарлататын бірнеше әдетті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лента.ру" басылымына сілтеме жасап.
Тіс дәрігері тістің түсіне әсер ететін негізгі фактор генетика екенін жеткізді. Алайда, оның айтуынша, тіс кіреукесінің өзгеруінің бұдан бөлек те себептері бар. Мысалы, үш жасқа дейінгі балаға тетрациклин антибиотиктері берілсе, оның тістері сұр және қызғылт сарыдан сарғыш және қоңырға дейінгі реңкке ие болады.
Аллахвердиева тіс ақ болуы үшін құрамында фтор мөлшері көп суды тұтынудан аулақ болуға шақырды. Бұл тістің сарғайып, қоңыр дақтар пайда болуына әкеп соғуы мүмкін екен. Дәрігердің айтуынша, тіс кіреукесін кофе мен басқа да сусындар, темекі де құртады.
Тістің табиғи ашық реңкін сақтау үшін дұрыс тазалау, тіс дәрігеріне үнемі барып, тастарды кетіру маңызды.
"Егер генетикалық тұрғыдан тісіңізде қара реңк болса, оны ағартуға болады. Ағартатын пасталар мұны істей алмайтынын, бірақ тістің сезімталдығын тудыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Ең тиімді және қауіпсіз әдіс - жарық шамымен клиникалық ағарту", - деп түйіндеді Рамелла Аллахвердиева.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова