- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маман теріге пайдалы...
Маман теріге пайдалы тағамдарды атады
Диетолог Ольга Рединаның пікірінше, денсаулық пен терінің жағдайы, сұлулығы рационға тікелей байланысты. Маман қартаюдың алдын алуға арналған өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тері күйін сақтауға арналған тағамның бірінші түрі антиоксидантқа бай тағамдар екен. Диетологтың айтуынша, олар қабынуды азайтуға және денеге зиян реакциялардың алдын алуға қабілетті. Антиоксиданттар көп мөлшерде омега-3 май қышқылдарына бай тағамдарда кездеседі. Бұл қатарға жаңғақтар, балықтар және авокадо жатады.
Антиоксиданттардың тағы бір түрі - С және Е дәрумендері. Рединаның сөзінше, оларды көкөністер мен жемістерден алуға болады.
"Ас мәзіріне қызанақ, қызыл бұрыш, брокколи, шпинат, апельсин, қызыл алма қосу пайдалы", - дейді диетолог.
Редина антиоксиданттардан бөлек ас мәзірінде ақуыз болғаны пайдалы екенін жеткізді, өйткені ол жасушалар үшін құрылыс материалы саналады. Оның көп бөлігі ет, жұмыртқа және бұршақ дақылдарында болады.
Маман терінің жастығын сақтау үшін, оны ылғалдандыру үшін көп сұйық ішу керек екенін де айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова