- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маман тамақты жұқалтырға...
Маман тамақты жұқалтырға орап пеште пісірудің денсаулыққа қаупі туралы айтты
Жұқалтыр (фольга) және тіс пастасының кейбір түрінде кездесетін алюминий ағзада жиналып, оған теріс әсер етеді. Бұл туралы отбасылық дәрігер Сергей Чудаков, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "RT-ға" сілтеме жасап.
Сондай-ақ, пластикалық ыдыстан да тура осындай әсер болуы мүмкін, сондықтан оны сирек пайдаланған жөн.
"Ауыр метал, алюминий және пластмасса құрамындағы тұз ағзаға еніп, улауы мүмкін. Бұл заттардың әсері тез болмайды, керісінше, ұзақ уақыт бойы біртіндеп жиналады. Ал салдарынан Альцгеймер ауруының даму қаупі артып, репродуктивті, эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіне, сондай-ақ қан тамырларының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін", - деп түсіндірді сарапшы.
Медицина ғылымдарының кандидаты пластик қауіпсіз және құрамында бисфенолы бар деп бөлінетінін жеткізді. Құрамында бисфенолы бар пластик адам ағзасымен байланысқа түспегені абзал, дегенмен ол қоршаған ортаға молекула шығарып, тыныс алу жолдары, көздің шырышты қабаты, тері мен бетке тию арқылы ағзаға ену мүмкіндігіне ие. Сондықтан, тұрмыста пайдалануға пластикалық ыдысты таңдағанда, құрамында бисфенолы жоғын алған дұрыс.
"Алюминий Альцгеймер ауруының даму қаупін арттыратыны ғылыми дәлелденген. Әрине, бұл ауру дамуының жалғыз себебі емес, бірақ ол ауруды қоздыратын басқа факторларды күшейтуі мүмкін", - деді маман.
Ол алюминий тұзы тек жұқалтыр (фольга) немесе ас сақтауға арналған ыдыс құрамында емес, оған қоса тіс пасталары мен дезодорантта да болу ықтимал екенін айтты.
Бұдан бөлек, алюминий жұқалтырды (фольга) барынша сирек қолданған дұрыс, яғни асты жұқалтырға орап пеште пісіруге және тоңазытқышта сақтауға болмайды.
Айта кетейік, бұған дейін пластикалық ыдыста тамақ жылыту зиян екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: ҰБТ тапсырмауға бола ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә