Күзгі меланхолия ауруға ұласуы мүмкін. Бұл жағдайда мүмкіндігінше тезірек маманның көмегіне жүгінген жөн, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарапшылар тіпті мұндай депрессияның түрін арнайы топқа бөледі. Егер депрессия тек күзде пайда болса және адам қайғыра берсе, әлсіресе, онда бұл маусымдық аффективті бұзылыс болуы мүмкін. Бұл диагнозды көптеген адам қарапайым күзгі күйзеліспен шатыстырады. Аффективті бұзылыс жағдайында адам тіпті қарапайым нәрселерді жасауға ынтасы болмайды. Оның үстіне күйгелек, ашушаң бола түседі.
Ал оның тағы басқа белгілеріне мыналар жатады:
Маман Юлия Фофанованың сөзінше, адам осы белгілердің бірін байқаса, психотерапевттен көмек сұрауға болады. Сонымен қатар, дәрумен деңгейін бақылау да маңызды. Олардың жетіспеушілігі де әлсіздікке, жағымсыз көңіл-күйге әкеп соғуы мүмкін.
Сондай-ақ, мамандар мұндай адамдарға жақындарымен сөйлесіп немесе сүйікті хоббиімен айналысып уақыт өткізуге кеңес береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!