- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маман Қазақстан "көрінбейтін...
Маман Қазақстан "көрінбейтін соғыста" неге жеңіліп жатқанын айтты
Qazbilim мектептер желісінің құрылтайшысы Аятжан Ахметжан Kultobe YouTube арнасында елдегі білім берудегі қиындықтар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Kultobe YouTube арнасында білім саласындағы өзекті проблемаларды көтеріп жүрген маман, Qazbilim мектептер желісінің құрылтайшысы Аятжан Ахметжан қонақта болып, журналист Берікбол Төлегенге сұқбат берді. Сұқбатта білім саласындағы проблемалар, жеке мектептердің идеологиясы, марапаттау механизмі және бұрынғы министр Асхат Аймағамбетов пен қазіргі министр Ғани Бейсембаевтың жұмысы туралы айтылды.
Аятжан Ахметжанның айтуынша, Қазақстандағы ең басты проблема мектептерден басталады.
"Ең бірінші айтарым - білім саласы дегеніміз "көрінбейтін соғыс". Соғыста жетістікке жету үшін мықты әскер керек, мықты құрал-жабдық керек, стратегия мен база керек. Дәл сол сияқты, білім саласында жеңіске жету үшін мектебің, ұстазың, әдістемең, материалдық шарт жағдайың мықты болуы керек. Дәл осы жағдайда біздің елде қай саланы түртсең де, арт жағы шиқан боп шығады. Ең алдымен, мектепке тоқталсақ, елімізде ресми статистика бойынша 150-ден астам үш ауысымды мектеп бар. Бұл ресми статистика. Ал бейресми статистикада 500-ге жақындауы мүмкін. Біз егер Финляндия, Жапония, Сингапурдағы сияқты елдердің білім деңгейіне жеткіміз келсе, барлық мектеп бірауысымды болуы керек. Әр сыныптағы оқушы саны әлемдік стандарт бойынша 24-тен аспауы керек. Бірақ, бұл қазір мүмкін емес. Әлі екі ауысымды мектеп жүйесіне толық көше алмай отырған мемлекет үшін бұл тек қиял ғана", - деді Аятжан Ахметжан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева