- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маман чипстер мен...
Маман чипстер мен газдалған сусындардың миға қаупін ескертті
Невролог Елена Сурская чипстерде, газдалған сусындарда, энергетикалық сусындарда және кондитерлік өнімдерде кездесетін зиян көмірсулар миға зиян екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aif.ru басылымына сілтеме жасап.
Дәрігер адамның миы глюкозаны үздіксіз тұтынатынын және оны адам тағамнан алуға бейім екенін түсіндірді. Дәрігердің айтуынша, глюкозаның көзі көмірсулар саналады, бірақ олардың барлығы миға пайдалы емес. Дәрігердің сөзінше, артық глюкоза миға зиян тигізеді. Бұдан адамның есте сақтау қабілеті төмендеп, ашушаң болуы мүмкін.
"Қандағы глюкозаның артық концентрациясы "жаман" көмірсуларға ықпал етеді. Газдалған қантты сусындар, энергетикалық сусындар, кондитерлік өнімдер, чипстер оларға бай. Олар миға глюкозаны тез әкеледі, бірақ тез арада кері әсер етеді. Яғни адам шаршаңқы болып жүреді, тәбеті ашылады", - деп түсіндірді Сурская.
Дәрігер құрамында "жаман" көмірсулар бар тағамдарды дәнді дақылдарға, көкөністер мен жаңғақтарға ауыстыруды ұсынды.
"Олардың басты артықшылығы сол - қандағы глюкозаның тез көтерілуіне жол бермейді", - деді дәрігер.
Маман миға пайдалы болуы үшін майсыз пісірілген ет, балық, ашытылған сүт өнімдерін тұтынуды және жеткілікті ұйықтауды ұсынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова