Малын іздеуге шыққан: СҚО-да жоғалған ауыл тұрғыны табылды

Солтүстік Қазақстан облысы Қарашілік ауданында іздестіру-құтқару операциясы жүргізілді. Ауыл тұрғыны өз малын іздеуге жеке көлікпен шығып 12 сағаттан аса байланыссыз болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іздестіруге ТЖМ құтқарушылары мен ПД қызметкерлері кірісті. Қараңғы болғаны мен бағдар жоғалту іздеуге кедергі келтірді.

Таңертең іздеу тобы Қарашілік ауылынан 15 шақырым жерде ер адамды тапты. Автокөліктің бұзылуына, байланыстың болмауына байланысты ол таң атқанша суық көлікте отыруға мәжбүр болды. Оған медициналық көмек қажет болмады.

Табылған ауыл тұрғыны құтқарушылар мен полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!