“Малдың қиын жегізіп, иттің үйшігіне жатқызған“. Асырап алған алты баланы қорлаған отбасы сотталды

Қарағанды облысында асырауға алған алты баланы ұзақ жыл бойы қорлаған отбасы мүшелеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, сотта ерлі-зайыпты мен олардың қызы жетім балаларды ұрып-соғып, малдың қиын жегізіп, иттің үйшігіне жатқызғаны белгілі болған.

Қаршадай балаларды қорлаған ер адам 12 жыл арқалады. Оның жұбайы 10 жылға сотталды. Ал қыздары 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Олар қарауында болған әр балаға 10 миллион теңгеден өтемақы төлеуге де міндеттелді. 

Айта ктеейік, Қарқаралы ауданы Қоянды ауылындағы патронат отбасына алты бала 2018 жылы келген. Отағасы жергілікті мектепте директор, жұбайы педагог болған. Бұл отбасындағы балалар қорлық көріп жүргені 2023 жылы әшкереленген. Сот-медициналық сараптама балалардың денесінен 19-дан 47 тыртыққа дейін анықтаған: таяқ тиген жаралар, көсеу күйдірген жерлер.

Ал мемлекет алты балаға 6 миллион теңгеден аса қаражат төлеген. 

Сот процесінде айыпталушылардың ешқайсы тағылған айыппен де, сот шешімімен де келіспеген, олар апелляциялық шағым түсірмек.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!