Мальдив президенті экономикалық дағдарысқа байланысты жаңа жылдан бастап қазіргі жалақысының жартысын ғана алу туралы шешім қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Times of India басылымына сілтеме жасап.
Муиззу кеңсесі 2025 жылдан бастап президенттің айлығы 600 мың руфий немесе 39 мың доллар көлемінде болатынын мәлімдеді. Осы уақытқа дейін президенттің айлығы 1,2 миллион руфий еді.
Айта кетейік, айлығын екі есе азайтқан күннің өзінде президенттің жалақысы елдегі тұрмыстық шығындар көлемінен екі есеге көп.
Бұдан бөлек, елдегі мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 10 пайызға азаяды. Еске салайық, тек судьялар мен заң орындаушылардың жалақысы өзгеріссіз қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!