- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Малайзияда суға батып...
Малайзияда суға батып кеткен қазақстандық турист аман қалды
Малайзияда суға батып кеткен қазақстандық турист аман, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айдос Смадияров растады.
Еске салайық, бұған дейін Малайзияда қазақстандық турист суға батып кеткенін хабарлаған едік. Ол сәтте Қазақстан азаматы тірі ме, жоқ па - әлі белгісіз еді.
The Star жергілікті басылымының мәліметінше, құтқарушылар қазақстандық туристі іздеп жатыр. Ол болжам бойынша, 5 қыркүйекте Кота-Кинабалу қаласындағы жағажайда суға батып кеткен.
Құтқару операциясын Кота-Кинабалу қаласының өрт сөндіру қызметінің 7 қызметкері жүргізіп жатыр. Ер адам тірі ме, әлде қайтыс болды ма - әзірге белгісіз.
"Туаран станциясының 7 қызметкері курорттан 12 шақырым жерден оқиға орнына келді. Хабар 8.19-да түсті", - деп жазылған The Star материалында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина