- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мал іздеуге шыққан"....
"Мал іздеуге шыққан". Ұлытау облысында 7 адам жоғалып кеткен
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында жоғалып кеткен жеті адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Ұлытау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органның күштері және құралдарымен жоғалып кеткен жеті адам табылды. Ведомство мәліметінше, олар 11 наурызда мал іздеуге екі көлікпен шығып, адасып кеткен.
Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды. Жоғалған адамдар "Өлке" қыстағынан табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина