Жамбыл облысында тұрғыннан 40 келіден аса марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Меркі ауданының Қосқұдық құмды алқабында полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамды ұстады. Аумақты қарау барысында тәртіп сақшылары шабылған қарасора үйіндісін, сондай-ақ, оларды тасымалдауға арналған бес бос қапты тапты.
Күдіктінің айтуынша, ол жоғалған малын іздеуге шыққан. Кейін құрамында есірткісі бар жабайы өсімдіктерді жинап, оларды шатырдың үстіне жайып, кепкен жапырақтарын бөліп ала бастаған. Осы кезде оны полиция қызметкерлері ұстаған.
Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 40 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова