Елімізде бір жылда мал ұрлығымен айналысқан 59 қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары Жандос Батырбеков айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда мал көбінесе жайылымнан ұрланады.
"Әдетте мал ұрлығының көп бөлігі немесе 75 пайызы (1477 деректің 1111-і) жайылымда тіркеледі. Соңғы 5 жылда мал ұрлығын 62,5 пайызға төмендеді, 2023 жылғы дерек – 16,3 пайыз", - деді орынбасар ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Былтыр Қазақстанда "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы 4 рет ұйымдастырылған. Оның екеуі соғым соятын кезде өткізілді.
"Нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар 450 адам, 75 қылмыстық топ ұсталды. Ұрланған малдың 8,5 мыңнан астамының тең жартысы (4493 бас мал) жартысы табылып, иелеріне қайтарылды", - деді Жандос Батырбеков.
ІІМ өкілі мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топтармен күресіп жатқанын, өңірлердегі мал базарын тексергенін жеткізді.
"Істелген жұмыстың нәтижесінде 2023 жылы 300-ден аса (376) мал ұрлығы анықталды. Оның ішінде 59 қылмыстық топ ұсталды", - деді ол.
Сондай-ақ Жандос Батырбеков мал ұрлығын болдырмау үшін қазақстандықтарға кеңес берді:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!