Мал тасжолға жиі шауып шығатын болған: бұл үшін кім жазаланады?

Мал тасжолға жиі шауып шығатын болған: бұл үшін кім жазаланады?
Фото: depositphotos.com

Республикалық маңызы бар тасжолдардың бойына мал жиі шауып шығатын болған. Осыған орай "ҚазАвтоЖол" қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңға сәйкес жан-жануар мен көлік соқтығысқан жағдайда жауапкершілік малдың иесіне жүктеледі.

2017 жылғы 6 қазандағы Жоғарғы соттың қаулысына сәйкес жол апаты "Мал айдау" (1.24) жол белгісі бар аумақтан тыс жерде болып, жүргізуші жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтаған жағдайда да жол апаты салдарынан мал өлсе, бұл үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

"Мұндай жол апаты жиілеуіне малдың иелерінің және ірі қараға жүк артып, әбзелдейтін азаматтардың бақыламауы себеп болып отыр. Жол қозғалысы ережелерінің 24-бөлімінің 176-тармағына сәйкес жануарларға бақылау жасау және қадағалау міндеті малдың иелеріне жүктеледі. Иелерінен малды мұқият бақылауда ұстап, тасжолдарға шығуына жол бермеуін, сондай-ақ, жол апатының алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында жүргізуші иесіз малмен соқтығысқаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget