Павлодар облысында ер адам далада үсіп өлді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
"11 наурызда таңертең Баянауыл ауданы Майкөбе ауылынан 10 шақырым, фермадан 2 шақырым жерде Баянауыл ауданы ТЖБ қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде 1980 жылы туған ер адам өлі табылды", - деп жазылған хабарламада.
Ол 10 наурызда сағат 14:00 шамасында мал қарауға шыққан. Ведомство мәліметінше, марқұм - шаруа қожалығының қызметкері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!