- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мал азығына 309...
Мал азығына 309 миллион теңге бөлінген: Шымкентте зообақ қызметі тексеріледі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Шымкенттегі хайуанаттар бағын тексеруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұған зообақтағы жануарларға азық сатып алуға бөлінген қаржының жұмсалуы себеп болған. Волонтерлер мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жүргізген. Оның қорытындысы бойынша зообақта жануарларға қажетті етті өзге мемлекеттік мекемелерге қарағанда әлдеқайда қымбатқа алатыны анықталды. Жалпы биыл мал азығына деп хайуанаттар бағына бюджеттен 309 миллион теңге бөлінген.
"Бұл жерде сиыр етін 2800 теңгеге келісін, қой етін 2500 теңгеге, ал жылқы етін 2900 теңгеге сатып алуды жариялап отыр. Бізді толғандырған сұрақ, неге бізде жануарларға бірінші сорттағы балғын еттерді қымбатқа сатып алуға көзделіп, балаларға, қарттарға, оңалту орталықтарындағы азаматтарға неге арзан еттер сатып алу жоспарланып отыр деген сұрақ туындап отыр", - деді волонтёр Айжан Кесебаева.
Зообақтың бас бухгалтері Назым Түйчиева да бұған қатысты пікір білдірді.
"Төмеңгі сорттағыларды алатын болсақ, ол 2-3 күнде сүйегімен ойнап жатқан кезде ұшыну болуы мүмкін. Ол көптеген анализдің нашар шығуына алып келеді. Сол үшін бізде әр аңның түріне қарап, әртүрлі сорттағы еттер талап етіледі", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек